Кітап тұсаукесерлері 2026
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының іргетасын қалаған феномен Серікбол Қондыбай мұрасына арналған «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани белес» атты 10 жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Бұл — ғалым еңбегінің өміршеңдігін айқындаған, ұлттық руханияттағы сабақтастықты жалғаған маңызды мәдени-ғылыми оқиға болды.
Шара барысында авторлар мен зерттеушілер сөз сөйлеп, жаңа еңбектер кеңінен таныстырылды. Кеш мазмұнды баяндамалар мен тағылымды ойларға ұласты. Сондай-ақ, «Қазақ рухының символы» атты көрме ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/DVqaLQoApL_/?igsh=MTJucHV0cHB1Z3Y4bg==
Сәуір айында Маңғыстау облыстық кітапханасының конференц залда Қамар Тұмашқызының «Әулие құпиясы» кітабының таныстырылымы өткізілді. Бұл еңбекте Аманбай атаның 1850-1932 жылдар аралығындағы ғибратты ғұмыры, оның ел арасындағы емшілік, көріпкелдік қасиеттері мен соңғы өсиеттері жан-жақты баяндалған. Шара барысында Бекет Ата танушы, ардагер ұстаз Ислам қажы Мырзабекұлы әулиенің қасиеттеріне тоқталып, өзінің кітаптарын кітапханаларға сыйға тапсырды.
Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыстық кітапханасында Парсы тіліндегі Атрие Чалактың «Сұр түсті ағаш» атты кітабының таныстырылымы және Иран елшілігінің кітапты сыйға тарту рәсімі өтті.
Кеш мақсаты: Иранда жарық көрген қазақ қызы Атриe Чалактың «Сұр түсті ағаш» атты кітабын оқырман қауымға таныстыру, шетелде жарық көрген отандық автор шығармаларын насихаттау, мәдени-әдеби байланысты нығайту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Шараға Иран елшілігі, өлке зиялылары, кітапхана оқырмандары мен ұжымы қатысты.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DXeDd95I1Xy/
6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есберген Іңірбайұлының «Талайлы тағдыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Е.Іңірбайұлы жылдар бойы Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеумен үзбей айналысты. Тарихи-танымдық «Тоқабай Құрмаш», «Тоғыз қайық», «Өресі биік өр тұлға», соғыста қаза тапқандардың есімдерін анықтап, ерлік істерін баян ететін «Боздақтар», «Он сегізде от кешкендер», «Маңғыстау Батырлары», «Қаһарман ұлы қазақтың», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Есімдері елдің есінде» сынды көптеген кітаптары жарық көрді.
"Талайлы тағдыр" кітабында - майданға аттанған маңғыстаулық екі сарбаздың концлагерьлерде небір азапты жылдарды бастан кешіп, америкалық әскерилердің көмегімен құтқарылғанымен, елге қайтудың жолын білмей мұхит асып кеткені, соғыстан кейінгі тағдыр-баяны нақты деректерге сүйене отырып жазылған.
12 тамыз күні облыстық кітапханасында Қаржаубай Көшеннің «Мал аурулары және емдеу жолдары» атты екінші кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл еңбек - мал шаруашылығымен айналысатын жандарға пайдалы тәжірибелік дүние.
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
"Бір өлке - бір тұлға" өлкетану акциясы аясында Маңғыстаудың бір туар азаматы, ...
11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ...




















