«Ерлік пен елдіктің өшпес рухы»
19 маусым күні Исатай Тайманұлы көтерілісіне 190 жыл, Ұлт-азаттық көтеріліске 110 жылдығына «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында айтулы тарихи оқиғалар — Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің 190 жылдығы мен 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына орай «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастар арасында тарихи сананы қалыптастыру, ел тәуелсіздігі жолында күрескен батырлардың ерлігін дәріптеу және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау.
Іс-шараға Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қатысты. Ерлік сағаты барысында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы, оның қазақ халқының азаттық жолындағы күрес тарихындағы орны туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен тарихи сабақтарына тоқталып, халықтың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мәлімет берілді.
Шара аясында қатысушыларға кітапхана қорындағы тақырыпқа қатысты тарихи әдебиеттер таныстырылып, батырлардың өмір жолы мен елдік мұраты жөніндегі әдебиеттер ұсынылды.
28 маусым БАҚ қызметкерлер күніне «Ақпарат әлемі: Жылдамдық пен нақтылық» ...
19 маусым күні Исатай Тайманұлы көтерілісіне 190 жыл, Ұлт-азаттық көтеріліске 110 ...
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
4-маусым күні Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен "Бір өлке - бір ...
8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...
27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты ...
15 қаңтар күні Өлкетану залы Халық әншісі, күйші А.Тарақұлының туғанына 205 жыл ...
Өлке туралы тарихи, танымдық зерттеу, публицистикалық кітаптардың авторы, ...
Биылғы жылы өлкелік акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла ...
Бүгін, 20-қаңтар күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде ақын, сазгер Ерекен ...









__879cf6c521c4aae278acae072ec3493a__ec47a87d3648c042c1a9da353c9a3269.png)















