«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті!
Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен тұрғындары үшін «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті. Қалың оқырман қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармаларымен танысып, авторлармен еркін форматта пікір алысты. Сондай-ақ заманауи дизайнда қайта басылып шыққан классик туындыларды қолжетімді бағамен сатып ала алды.
Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова кесті.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз айтып, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігін, кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызы мен мәнін түсіндірді.
Тұңғыш рет өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне: жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын, жазушы Ақберен Елгезек, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым сынды алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар қатысты.
Бұдан бөлек, арнайы осы кітап жәрмеңкесіне елімізге танымал баспалар да келіп, қатысты. Атап айтқанда:
Qasym kitap; Steppe&World; Абай; Арман-ПВ; ZIYAT; SANA ; MAZMUNDAMA ; Marfu Press; Отбасы Хрестоматиясы; WIK HOUSE баспалары қатысты.
Екі күндік кітап жәрмеңкеде кітаптарға жеңілдіктер, түрлі шаралар және әдебиет пен шығармашылық дамуға қатысты тақырыптарда арнайы секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен тұсаукесерлер өтті.
Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» ...
Мектеп оқушылары - кітапханада. ...
12 ақпан күні кітапханамызда марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген ...
Кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ...
6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ...
"Толағай" бала бақшасынан бір топ бүлдіршіндер "Балалар бөлімінің" кітап ...
Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ...
30 қаңтар күні абонемент бөлімінің қызметкері Биниязова М.Ө. №9 орта мектебінің ...
20 қаңтар күні "Женский клуб выходного дня" клубтың мүшелері психолог Карайчикова ...

























