«Ұлт қасіреті – ұмытылмас тарих»
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, Маңғыстау облыстық кітапханада «Ұлт қасіреті – ұмытылмас тарих» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – ХХ ғасырдағы ел басына түскен зұлмат жылдардың тарихи ақиқатын насихаттау, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Шараға Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.Тарихи сағат барысында Қазақстан аумағындағы тұтқындар лагерьлері, олардың зардаптары мен жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдыры туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар Маңғыстау өңірінен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабалар жайында деректер айтылып, олардың ел тарихындағы орны мен тағдыры таныстырылды.
Іс-шара аясында ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы 10 маңызды еңбек көпшілік назарына ұсынылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар тарихи әдебиеттермен танысып, нәубет жылдарының халық тағдырына тигізген зардабы жөнінде мағлұмат алды. Қатысты: 33 адам. Қатысушылар: Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DY4YS8joGXR/
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...

























