«Сырлы әлем - 2026»
Қарттарымыз – өмірдің үлкен мектебінен өткен, ұрпаққа ақыл-кеңесі мен өнегесін қалдырған асыл жандар. Оларға құрмет көрсету – әрқайсымыздың парызымыз.
1 қазан – Қарттар күніне орай «Рай» орталығының ұйымдастыруымен, «Белсенді ұзақ өмір» жобасы аясында қазыналы қарттарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шара Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы «Арман» ғимаратында ұйымдастырылып, оған орталық басшылығы, әлеуметтік қызметкерлер, қарттар мен мерекенің қадірлі қонақтары қатысты.
Кеш барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мүшелері ән мен би, концерттік қойылымдар, шығармашылық және танымдық бағдарламалар, ойындар мен викториналық сұрақтар қойылды. Көңілді кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, үлкенге деген құрмет пен ізеттіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Кешіне Маңғыстау облыстық кітапханасы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.
Мүгедек жандардың мүмкіндігін ашатын, талабы мен талантын танытатын дәстүрлі «Сырлы әлем - 2026» байқауын Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткізді. Мақсаты: мүгедектігі бар жандардың қоғамға бейімделуіне көмектесу, олардың таланты мен шығармашылық қабілеттерін (сурет салу, қолөнер, музыка т.б.) шыңдау. Бұл байқау ерекше жандардың өздерін оқшау сезінбей, қоғамның белсенді мүшесі ретінде танылуына үлкен септігін тигізеді. Байқауға Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалынан 10 өнерпаз қатысты. Қатысқан өнерпаздар арасында «Би» номинациясы бойынша Бозымбаева Баян І орын иеленсе, Ибраева Нұргүл ІІІ орынды қанжығасына байлады. «Вокал» номинациясы бойынша Бекжұмаева Ақгүл ІІІ орын иеленсе, «Сурет» номинацисы бойынша Шайымбетова Злиха ІІІ орынды қанағат етті. Қалған өнерпаздардың барлығы «Ынталандыру» сыйлықтарымен қаржылай марапатталды.
15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай арнаулы кітапхана филиалының кітапханашылары Шакиева Кульмараш пен Казбаева Айгерим қала тұрғындарына парақшалар таратып, оқырмандарды кітапханаға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ көзі көрмейтін адамдарға жолдан өтуге қөмектерін көрсеті.
Ақ таяқ күні 1970 жылы 15 қазанда халықаралық зағиптар федерациясының қолдауымен бекітілген. Айтулы күннің тарихы 1921 жылдан басталады. Көру мүмкіндігінен айырылған ағылшындық Джеймс Бигс есімді Ұлыбритания азаматы көшедегі кәдімгі таяқ ұстаушылардан ерекшелену үшін қолындағы таяғын ақ түске боятқан екен. Қазіргі күні ақ түсті таяқ әлем бойынша зағип жандардың белгісі болып саналады.
25 қазан – Республика күніне орай арнаулы кітапхана филиалында «Мәнгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты таңымдық іс шара өткізілді. Іс шараның басты мақсаты – оқырмандарға еліміздің тарихын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отанға деген сүйспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Мерекелік кеш Қазақстан республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Кітапханашы Шакиева Кульмараш оқырмандарға Республика күнінің тарихы мен маңызы және жарқын болашағы туралы ақпарат берді. Мерекеге орай тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына еліміздің тарихы, мәдениеті мен әдебиетін дәріптейтін кітаптар ұсынылды.
Шара барысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейінің тарих бөлімінің маманы Әбілова |Гүлжан Тағанқызы «Қазақ мәдениетіндегі өніржиектің қызметі» тақырыбында баяндама оқыды. Оқырмандар белсенділік танытып іс шараның мазмұнды әрі әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты.
15 қараша күні , сағат 15-30-да Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары мен ...
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді. ...
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, ...
Биылғы Қазақстандық акция ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына арналды. ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында апта бойы оқырмандардың ...
Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ...
Осындай атпен бүгін яғни 26 қазан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің "абонемент" бөлімінде Қазақстанның ...
Нұрмұқан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында ақын ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында апта бойы оқырмандардың ...




















