КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
«Бастау» дамушы ортасы. @bastau_damushy_orta
Ізденімпаз, жаңашылдыққа ашық жандардың басын қосқан орта. Дамушы орта мүшелері әртүрлі тақырыпта қазақша куиздер ұйымдастырып, кітаптар мен фильмдерді талқылайды, поэзия кештері мен шеберлік сағаттарын өткізеді, сонымен қатар, ағылшын тілінде спикинг клаб ұйымдастырады.
Сенбі-жексенбі күндері. 18 жастан жоғары
English Speaking Club @shetel.adebietter.zali
Ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған клуб.
Әр сенбі. 14:00
Book Club
Кітап оқуға қызығушылығы бар оқырмандарды біріктіретін клуб. Мұнда әлемдік және заманауи әдебиеттер оқылып, түрлі шығармалар бойынша еркін пікір алмасу ұйымдастырылады.
Әр жексенбі. 12:00
«Айгөлек» әдеби-танымдық клубы @balalar_bolimi
Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған клуб.
Әр сенбі. 14:30
Өлкетану клубы
Туған өлкенің тарихын, мәдениетін, табиғатын және тарихи тұлғаларын танып-білуге арналған танымдық клуб. Балалар өлке тарихына қатысты қызықты мәліметтермен танысады.
Әр сенбі. 14:30
Зағип жандарға арналған кітапхана филиалындағы клубтар мен үйірмелер @zagiptar_kitapkhanasy_aktau
«Нүктелі әліппе – білім баспалдағы» Брайль қарпі арқылы араб тілін оқыту үйірмесі. Қатысушылар араб тілінің әліпбиін меңгеріп, оқу дағдыларын дамытады.
Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма
11:00. Ұзақтығы: 1,5 сағат
«Тіл – достықтың алтын көпірі» ауызекі қазақ тілін үйрету курсы. Өзге ұлт өкілдері мен қазақ тілін үйренгісі келетін жандарға арналған. Сабақ барысында күнделікті қарым-қатынасқа қажетті сөздер мен сөйлеу дағдылары үйретіледі.
Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. 10:00
«Шектеусіз мүмкіндік» компьютерлік сауаттылыққа үйрету үйірмесі
Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге бағытталған үйірме. Қатысушылар компьютерді пайдалану, қажетті бағдарламалармен жұмыс істеу және цифрлық сауаттылық дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болады.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
10:00. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...
Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...
23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...
Наурыз айында анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...
14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...
14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...
13 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

























