Брайль жүйесі – студенттерге таныстырылды: білім және тәжірибе
25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының тифлопедагогы Құсайынова Саида Амангелдіқызы студенттерді Брайль қарпінің пайда болу тарихымен, оның негізін қалаушы Луи Брайльдің өмірі мен еңбегімен таныстырды. Сондай-ақ бедерлі-нүктелі оқу және жазу жүйесінің көру қабілеті зақымдалған жандардың білім алуына, кітап оқуына және ақпаратқа қол жеткізуіне беретін мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгімеледі.
Студенттерге Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға арналған арнайы құрал-жабдықтар таныстырылып, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері көрсетілді. Кездесудің ең қызықты сәттерінің бірі – студенттердің өздері Брайль жазуын тәжірибе жүзінде байқап көруі болды. Олар интернеттен Брайль әліпбиін тауып, арнайы құрал мен грифельдің көмегімен өз есімдерін бедерлі нүктелер арқылы жазып көрді.
Кездесудің практикалық бөлімі қызықты ойын форматында жалғасты. Студенттерге Брайль қарпімен ағылшын тіліндегі кітап атаулары жазылған карточкалар ұсынылды. Әр қатысушы өз карточкасындағы кітап атауын саусақ ұшымен сезіну арқылы оқып, қандай кітап екенін анықтауға тырысты. Ойынның ерекше шарты бойынша студент өзі анықтаған кітапты жыл соңына дейін оқып шығуы тиіс.
Осылайша, студенттер Брайль қарпін тек теория жүзінде танып қана қоймай, оны өз қолдарымен жазып, саусақ ұшымен оқып көру арқылы ерекше тәжірибе жинақтады.
Шара арнайы пән оқытушысы Еңсебаев Нұрбек Әділбекұлы жүргізетін «Инклюзивті білім беру» пәні аясында ұйымдастырылды.
Кездесу студенттердің инклюзивті білім беру туралы түсінігін кеңейтіп, Брайль жүйесінің маңызын тереңірек ұғынуына және көру қабілеті зақымдалған жандардың кітап оқу әлемін жақынырақ тануына мүмкіндік берді. Бір нүкте – бір мүмкіндік. Бір кітап – бір әлем.
Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні ...
Қыркүйек айында Маңғыстау облыстық кітапхананың жасөспірімдер бөлімінде, ...
23 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қосай Мәмбетқұл атадан ...
18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Жазушылар ...
Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы ...
Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Мұнай ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар әдебиет бөлімінде Отбасы күніне орай ...
25 қыркүйек күні Шет тілдері колледжінде 2-курс студенттерімен тағылымды кездесу ...
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа ...

























