• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Халықаралық балалар кітабы апталығы аясында

Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар кітапханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айрықша маңызға ие мәдени шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, белгілі сатирик-жазушы, сазгер Ерекен Қорабаев, балалар ақыны әрі композитор Көмек Ыбырайұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй тартып, көркемсөз оқу арқылы өз шеберліктерін паш етті. Жас дарындардың өнері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Кітапхана қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылған «Бір ел–бір кітап», «Жаңа кітаптар», «Мерейтой иелері», «Маңғыстау - дала рухының мекені», «Қазақстан – тарих пен тағылым» атты кітап көрмелері таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Балалар кітапханасының кеңістігі толық жабдықталған. Мұнда балаларға арналған оқу залы, шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістік, сондай-ақ ата-аналарға арналған арнайы бұрыш қарастырылған. 

Жаңа кітапхана филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.




23 қаңтар күні  кітапханамыздың  балалар бөлімінде  "Тұңғыш қазақ суретшісі" атты ...

Жаңалыққа өту  

25 қаңтар күні кітапханамыздың Арнаулы бөлімі қызметкерлердің ұйымдастыруымен 1 ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» ...

Жаңалыққа өту  

9 қаңтар күні балалар бөліміне бір топ оқырман балалар келіп, орыс балалар ...

Жаңалыққа өту  

Өнер бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде:  ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен ...

Жаңалыққа өту  

Кітапхана білім ошағы ғана емес, мәдени орталық. Сондықтан да қызметкерлердің ...

Жаңалыққа өту  

12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" ...

Жаңалыққа өту  

Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ...

Жаңалыққа өту  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы  бойынша 7 ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу