Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
Тарихшы,Өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Түбек ...
Облыстық кітапханасында "Менің құқығым, менің міндетім" атты шарасы өтті. Шараға ...
Елордада Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. ҚР Ұлттық ...
Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасының Өнер секторының қызметкері ...
Маңғыстау креатив алаңында 2026 жылғы 16 қаңтар күні Облыстық ғылыми-әдістемелік ...
Жуырда, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, көзі көрмейтін және нашар ...
Жыл сайын 2 сәуір күні бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні аталып ...
2025 жылғы желтоқсан айында Маңғыстау креатив алаңында ұйымдастырылған ...
2025 жылғы 4 желтоқсан күні кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін ...
Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігі мен қажеттіліктерін орындауда, ...






__84aadcba0a36fc5f847c5762e3cb87cb.png)


















