Халықаралық балалар кітабы апталығы аясында
Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар кітапханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айрықша маңызға ие мәдени шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, белгілі сатирик-жазушы, сазгер Ерекен Қорабаев, балалар ақыны әрі композитор Көмек Ыбырайұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй тартып, көркемсөз оқу арқылы өз шеберліктерін паш етті. Жас дарындардың өнері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Кітапхана қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылған «Бір ел–бір кітап», «Жаңа кітаптар», «Мерейтой иелері», «Маңғыстау - дала рухының мекені», «Қазақстан – тарих пен тағылым» атты кітап көрмелері таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Балалар кітапханасының кеңістігі толық жабдықталған. Мұнда балаларға арналған оқу залы, шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістік, сондай-ақ ата-аналарға арналған арнайы бұрыш қарастырылған.
Жаңа кітапхана филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...





















