Оқырмандар конференциясы
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтің туған күні. Тірі болғанда әдебиет алыбы 82 жасқа толар еді.
3 желтоқсан күні заңғар жазушы Әбіш Кекілбайтің Үркер” романына оқырмандар конференциясы өтті. Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды.
Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұдан басқа персонаждар ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар, қайраткерлер. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы.
Шараға Х.Өзбекхалиев атындағы Маңғыстау политехникалық және Ш.Есенов атындағы колледж студенттері белсене қатысты, алғыс хаттармен марапатталды
#әбішкекілбаевүркер @yessenov_college @mptk.aktau
@mangystau_kitapkhana
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...





















