«KitapTime – 2025»: бәрі де оқырман игілігі үшін
24-қыркүйек күні Маңғыстау облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық фестивалі аясында түрлі іс-шаралар өтті. Кітапханалық шараларға оқырмандар, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері, мектеп, колледж кітапханашылары қатысты.
Маңғыстау облыстық кітапханасында Ашық есік күні ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше қоңіл-күй сыйлады. Келушілер кітапханаға жаңа түскен кітаптарымен, өлке акциясымен танысты. Кітапхана оқырмандары викториналық ойындарға қатысып, "Сәттілік дөңгелегін" айналдырып, түрлі сыйлықтар ұтып алды. "Кітап және кино" жобасы аясында Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген "Гауһар тас" фильмін тамашалап, кітап пен киноның әсерін салыстырып, қызықты пікірталас жүргізді.
Фестиваль аясында облыстық кітапханасында Қазақ вальсінің королі атанған, ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған "Әнім сен едің" атты сазды кеші өтті.
Техникалық әдебиеттер бөлімінде "Еңбек түбі - береке" атты тақырыптық сағат өткізілді.
Балалар әдебиеттер бөлімінде фестиваль аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Көмек Ыбрайұлымен "Балалық деген бір ел бар" атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық фестивалі аясында 35-астам іс-шара өтті. Шараларға 1-мыңнан астам адам қатысты.
КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! «Бастау» дамушы ортасы. ...
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, ...
Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар ...
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер ...
20-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде ...
Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен ...
2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне орай «Геологиялық ...
"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...

























