Халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Иран Ислам Республикасының елшілігі кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, құрметті қонақтар және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Шетел әдебиеттер залында Иран әдебиеттері бұрышы ресми түрде ашылып, жаңа сөрелерге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында ұлы парсы ақыны Фирдоусидің шығармашылығы мен мұрасы туралы естеліктер айтылды. Иран делегациясы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл шара – халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барлық оқырмандарды Иран әдебиетінің бай мұрасымен және Фирдоуси шығармаларымен танысуға шақырамыз!
КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! «Бастау» дамушы ортасы. ...
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, ...
Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар ...
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер ...
20-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде ...
Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен ...
2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне орай «Геологиялық ...
"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...

























