«Бір өлке – бір тұлға» өлке акциясы
Маңғыстау облыстық кітапханасында «Бір өлке – бір тұлға» өлке акциясы 2022 жылдан бастап өтіп жатыр. Акция мақсаты: Жас ұрпаққа өлкеміздің ұлы тұлғалары туралы толық ақпарат беру, шағырмаларын насихаттау, патриоттық тәрбие беру. Акция аясында түрлі форматта шаралар, кітап тұсаукесерлер ұйымдастырылып, библиографиялық құралдар жарық көрді.
2022 жылы - қазақтың тұңғыш мифологі, өлкетанушы, географ, публицист Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығына;
2023 жылы - Алаш ардақтысы, журналист, публицист, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының 130 жылдығына,
2024 жылы - акция ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына арналған.
2025 жылы – акция Қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Президент сыйлығының иегері, Құрмет орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын Сабыр Адай Шеркешбайұлына арналды. Мақсаты: Қазақ ұлттық мәдениетінің негізінде жасақталынған «Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының идея авторы, ақын Сабыр Адай туралы халыққа толық ақпарат беру, шағырмаларын насихаттау.
2026 жылы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы бойынша ақын, сәулетші Сайын Назарбекұлының шығармашылығы таңдап алынды. Акция мақсаты – туған өлкенің көрнекті тұлғаларын насихаттау, оқырмандарға олардың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру.
Осыған орай Өлкетану залында Сайын Назарбекұлының өмір жолы мен шығармашылығын қамтитын «Көп қырлы кемел ой иесі» атты көрме жасақталды. Көрмеге ақынның поэзиялық жинақтары, сәулет саласындағы еңбектері, өмірбаянына қатысты деректер, фотоматериалдар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды. Көрме жыл бойы оқырмандарға таныстырылып, тақырыпқа сай шолу әңгімелер, таныстырылымдар өткізілуде.
Акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
Маңғыстау облыстық кітапханасында «Бір өлке – бір тұлға» өлке акциясы 2022 жылдан ...
Облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдан ...

















